Page 14 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 14
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Қарлығаш пен дәуіт special.edu.kz.
(ертегі)
Жардың қуысына қарлығаш ұя салып, өмір сүріп жатты.
Оның ұясында кішкентай балапандары көп екен.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Қарлығаш күнделікті азық әкелуге шығады. Балапанда-
ры ұяда, өздері қалады. Анасын шыдамсыздана күтеді.
Қарлығаш ұзақ уақыт бөгеледі. Қайтып келгенде ұяға
қарай өрмелеп шығып бара жатқан жыланды байқайды.
Оны көрген қарлығаш: «Балаларымды жеп қояды-ау!» – деп,
шыр-шыр етіп көмек іздеп ұша жөнелді. Көкектен көмек
сұрады.
Көкек:
– Мені бүркіт қонаққа шақырды. Соған барамын. Қо-
нақтан кеш келемін. Саған көмектесетін уақытым жоқ, –
дейді. Одан шығып қарғаға барды.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Қарға:
– Бүгін менің тойым. Үйленемін. Менің мазамды алма.
Саған көмектесетін уақытым жоқ, – дейді.
Қарлығаштың амалы таусылды. Шырылдап ұша жөне-
леді. Балапандарын ойлап көңіл күйі түсіп кетеді.
Бір кезде дәуітті көреді. Қарлығаштың шыр-шыр еткен
дауысын естіген дәуіт:
– Достым, неге шырылдайсың? – деп сұрайды.
Қарлығаш жылап:
– Жылан ұяма өрмелеп жетіп қалды. Балаларымды
қорғағым келеді. Не істерімді білмей тұрмын... – дейді.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Дәуіт:
– Олай болса, мені сол жерге тезірек жеткіз. Уайымдама.
Мен жыланнан қорықпаймын. Саған көмектесемін, – дейді.
Тез арада қарлығаш пен дәуіт ұяға да жетеді. Жылан
ұяға әлі жете қоймапты. Екеуі қуанып кетеді. Дәуіт аяғымен
жыланды тырнап, екі көзін ағызып жібереді. Жылан жерге
құлап түседі де, мерт* болады.
Сөйтіп дәуіт ерлік жасап, қарлығаштың балаларын құтқа-
рады. Балапандардың қуаныштарында шек жоқ*.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
12