Page 18 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 18
special.edu.kz.
special.edu.kz.
ІІ special.edu.kz.
Жалмауыз кемпір бір тісін жұлып алып, бала шығып алған
ағаштың түбін қаза бастады.
Бір кезде жанына бір түлкі келеді де:
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Шеше, шаршаған сияқтысыз, мен қазайын. Сіз ұйықтап
демалып алыңыз, – дейді.
Кемпір:
–Жақсы, мен демалып алайын, – деп жауап береді.
Түлкі тісті суға лақтырады да, шұңқырды бітеп, өзі кетіп
қалады. Кемпір тұрды. Қараса, тісі де жоқ, түлкі де жоқ. Со-
дан кемпір тағы бір тісін суырып алып ағашты қаза береді.
Бір уақытта тағы да бір түлкі келіп:
– Шеше, кетпеніңді* маған бере тұр. Сен шаршаған шы-
ғарсың, мен қазайын, – дейді.
Сонда жалмауыз кемпір:
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Сен кетпенімді алып қашып кетесің, – дейді.
Сонда түлкі:
– Ол қырдың қызыл түлкісі. Мен сайдың ақ түлкісімін.
Мен ешкімді алдамаймын, – дейді. Жалмауыз кемпір түлкінің
сөзіне сенді. Кетпенді түлкіге береді. Өзі ұйықтап кетеді.
Тұрса, тағы да кетпені де, түлкі де жоқ.
– Алдады, ойбай-ай, алдаған екен ғой! – деп, тағы бір тісін
суырып, бәйтеректің* түбін қаза береді.
Енді кемпір аузын ашса, бір-ақ тісі қалыпты. Ол бәйте-
ректің түбін қаза-қаза құлатуға жақындайды.
Бір мезгілде бір қарлығаш бәйтеректің төбесінен ұшып
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
бара жатты. Ол бір кезде тура баланың төбесіне келіп қона-
ды. Бала жылап, қарлығаштан өзін құтқаруын сұрайды.
Сонымен, қарлығаш баланы көріп аяйды. Ол көмек сұрап
төбеттерге* келеді. Баланы құтқаруларын сұрайды.
Мұны естіген төбеттер шауып бәйтерекке келеді.
Сол кезде бәйтерек жерге құлайды. Баланың төбеттері
жалмауыз кемпірді талап тастайды. Сөйтіп төбеттер баланы
кезек-кезек арқаларына мінгізіп, еліне аман-сау жеткізеді.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
16