Page 21 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 21
special.edu.kz.
special.edu.kz.
жерді өңдей бастады. Ал түлкі болса жар астындағы көлең- special.edu.kz.
кеге жатып алды.
Тасбақа алдымен жерді тазалады. Оны тырмалады. Кене
жерді суарды. Тасбақа екеуі бірігіп тарыны егіп шықты.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Үш дос тарының пісуін асыға күтті.
Күнде таңертен кене мен тасбақа егістік басында жо-
лығады. Ал түлкі болса көлеңкеде демалып жатады.
Тасбақа:
– Түлкі-ау, бері кел. Тарыны суарайық. Қарашы, тарымыз
қалай жақсы өсіп келеді, – деп көмекке шақырды.
Түлкі:
– Сен қызықсың, мен де тарының өскенін көріп тұрмын.
Бірақ мен жарды тіреп тұрмын ғой. Мен болмасам, мына та-
рыны жар басып қалады, – деп өз ойын айтты.
Кене:
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Түлкішек, бері қарашы. Егер де осы тарыны үшеуміз
бірігіп өсірсек, өнім мол болар еді, – деді.
Түлкі:
– Ақымақтар, тарыны егіп, осымен жұмыс бітті деп тұр-
сыңдар ма?
Тасбақа мен кененің түлкіге айтар сөздері болмай, жұ-
мыстарын істей берді. Жақын ауылдан келген түлкі де жата
берді. Жай жатпай, екі досына ақылын жаудыруды* жалғас-
тырды.
елді мекен – адамдар тұратын жер
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
жаудырды – көп айтты
1. Нелер жолдас болыпты? Олар қайда шықты?
2. Көздеріне не түсті? Түлкі мен кене не дейді?
3. Тасбақа қандай ұсыныс жасайды?
4. Түлкіге ол ұсыныс ұнайды ма, әлде ұнамайды ма?
5. Үшеуі не істеуге кірісті? Олар нені асығып күтті?
6. Тасбақа қандай пікір айтты? Ал кене ше?
7. Түлкі көтеріңкі дауыспен не деп жауап берді?
8. Жұмыстарын қалай істеді? Түлкі нені жаудыруды жал ғастырды?
special.edu.kz. special.edu.kz. 19 special.edu.kz.