Page 24 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 24

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                             Бір үзім нан                                        special.edu.kz.
                                                 (ертегі)

                 Баяғы заманда бай мен кедей көрші тұрыпты. Байдың үйі
             кең, әдемі. Іші толған алтын мен күміс екен.
             йымдарын жинап алды. Арқасына салып, көтеріп ағаштың  special.edu.kz.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
                 Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған қора екен.
                 Кедей нанын әзер тауып жепті. Егін егіп, оны суарып,
             күтіп, орып күн көріпті.
                 Бір жылы көктемде су тасқыны болды. Бай алтын бұ-


             басына шығып кетіпті.
                 Ал кедей болса, нанын қойнына салып алды. Сөйтіп ағаш-
             тың басына көтеріліпті.
                 Су тасқыны он бес күнге созылды.
                 Кедей үйінен алып шыққан нанын шетінен үзіп жей баста-
             ды. Ал бай болса оған қарап отырды. Арқалап шыққан алты-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             нын сипап қояды. Ол алтыннан түк шықпады.
                 Бір күні әбден қарны ашқан бай кедейге:
                 – Әй, кедей, сен мына бір кесек алтынды алып, маған бір
             үзім нан берші, – дейді.
                 Кедей:
                 – Жоқ, алтының өзіңе. Нан бере алмаймын, – деп жауап
             береді.

                 Екінші күні бай кедейден тағы да нан сұрайды.
                 Бай:
                 – Алтынымның жартысын берейін, – дейді ол бұл жолы.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 Кедей:
                 – Жоқ, бере алмаймын, – деп, бұл жолы да келіспейді.
                 Бай:
                 – Бір үзім нанға барлық алтынды айырбастаймын,– деп
             жалынады.
                 Кедей бәрібір көнбейді.
                 Бойынан күші кеткен байдың басы айналып,  суға құлап
             түсті. Ал келесі күні су тоқтады.   Кедей ағаштың  басынан
             түседі.



 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
          22
   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29