Page 28 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 28
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Қожанасырдың хикаялары special.edu.kz.
(ертегілер)
Қожанасыр кең тараған күлдіргі әңгімелердің кейіпкері
special.edu.kz. қу аңқау қалжыңбас special.edu.kz.
special.edu.kz.
Қожанасыр туралы аңыз
Хан Қожанасырды шақырып алып, алдына ақша қойып-
ты да, былай депті:
– Қожеке, мынау бір сом мен бір тиын. Осының қайсысы
көп, соны айтшы?
Қожа ойланып тұрып:
– Әрине, бір тиын көп, – депті. Таңғалған хан:
– Неге бір тиынды көп дейсің? Себебін айтшы?
– Себебі, бір сом дегенде алты әріп бар. Ал бір тиын дегенде
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
жеті әріп бар. Өзіңіз айтыңызшы, алты көп пе, жеті көп пе?..
1. Қожанасырға кім сұрақ қойды? Қандай сұрақ қойды?
2. Ханның сұрағына Қожанасыр қандай жауап айтты?
Қожанасырдың есек суаруы
Бір күні Қожанасырға әкесі есекті суарып келуді тапсы-
рады. Оған Қожанасыр:
– Жоқ, бара алмаймын, – депті.
– Иә, неге?
– Ернім жарылып кетіпті, – деп жауап беріпті Қожанасыр.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Әкесі ашуланып:
– Есекті суаруға еріннің қандай қажеттігі бар? – деп рен-
жіпті.
Сонда Қожанасыр:
– Есек су ішіп тұрған кезде мен «ішт-ішт» деп ысқырып
тұруым керек емес пе? – депті.
1. Әкесі Қожанасырға қандай тапсырма берді?
2. Қожанасыр ол тапсырманы орындады ма?
3. Қожанасыр әкесіне не деп жауап берді?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
26