Page 26 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 26
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Мысық пен тышқандар special.edu.kz.
(ертегі)
Мысық пен тышқан араз* болыпты. Олар әрдайым бір-
бірімен жанжалдасудан да жалықпаған.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Бір күні қара мысық тышқандардың ауылына келіпті.
Қара мысық:
– Бұдан былай араздықты қояйық. Тату-тәтті өмір сүре-
йік. Мен сендермен татуласуға келдім. Сол үшін біздің ауылға
қонаққа келіңдер. Мен дастарқан жайып қояйын. Сендерге
сый-сияпат* көрсетеміз, – деді ол тышқандарға.
Сөйтіп қара мысық қонақтарын шақырып, ауылына қайтты.
Тышқандар өзара кеңесті. Қонаққа баруды жөн* көрді.
Жас тышқандар қонаққа жиналды. Олар еш жамандықты
сезбеді.
Жас тышқандар:
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Мысықпен тату болғанымыз жөн. Шақырып кетті ғой,
барайық, – деп қуанды.
Кәрі тышқандар:
– Қойыңдар, қарақтарым. Мысықтардың айласы* шығар...
Тіл алсаңдар, бармаңдар деп өз ақылдарын айтты.
Жас тышқандар тыңдамады. Шақырған жерден қалмау
керек деп шешті. Әдемі киімдерін киді. Қонаққа жинала
бастады. Кәрі тышқандардың сөздерін елемеді.
Мысықтардың ауылына тобымен келді. Көңіл күйлері кө-
теріңкі болды.
– Қош келдіңдер, ағайындар! Мына үңгірге кіре беріңдер.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Бұл біздің үйіміз, – деп қарсы алды қара мысық.
Тышқандар мысық көрсеткен үңгірге кірді. Қара мысық
үңгірдің аузын бекітіп тастайды. Шошып кеткен тышқандар
жабылған есікке жалт қарады.
Мысықтар:
– Е, аңқаулар, алдандыңдар ма?! Сендерге кәрі тышқан-
дарды тыңдау керек еді, – деді. Сөйтті де, тышқандарды
жеп қойды. Сөйтіп, мысықтар тышқандарды қырып салды.
Қулықтарын жүзеге асырды.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
24