Page 23 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 23
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Түлкі тасбақаның сөзіне бірден сенді. Себебі, оның екі special.edu.kz.
досы тары егіп, жинады. Ал түлкі болса, көрші ауылдан та-
уық ұрлап жеп келетін. Енді ол аңшылардың иттерімен өзін
іздегенін түсінді.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Тасбақа:
– «Мен ештеме білмеймін» деп әзер құтылдым. Енді олар
осы жаққа қарай келе жатыр, – деді алқынып.
Шошып кеткен түлкі:
– Айналайындар-ай, мені айта көрмеңдер. Мына тары-
ны екеуің тең бөліп алыңдар. Мен таласпайын. Еңбек сен-
дердікі, – деп жалынды. – Мен сендерге ризамын. Олар
келсе, «түлкінің қайда кеткенін білмейміз» деп айтыңдар-
шы, – деп зыта* жөнелді.
Кене мен тасбақа тарыны теңдей бөліп алыпты.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
мәре – жарыс аяқталатын сызық
жанжалдасып – ұрсысып
зыта жөнелді – қашты
1. Тары қай уақытта пісті? Үш жолдас не істемекші болды?
2. Олар нені дайындады? Не әкеп қойды?
3. Түлкі келіп қандай ұсыныс жасады? Оған тасбақа не деді?
4. Үшеуі не істеді? Кене нені сезді? Ол не істеді?
5. Түлкі неге сенімді болды? Ол қайда жетті? Қалай жетті?
6. Кене не деді? Түлкі неге таңғалды?
7. Кене не деп сенімді айтты? Түлкі не сезді? Не істеді?
8. Тасбақаға не болды? Ол не деді?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
9. Тасбақа мен кене тары егіп жатқанда түлкі не істеді?
10. Тасбақа алқынып не деді?
11. Шошып кеткен түлкі не деп жалынды?
12. Түлкі не істеді? Тарыны нелер бөліп алды? Қалай бөлді?
Үш жолдастың егін өнімін қалай бөліске салғаны туралы жа-
зылған жолдарды оқы. Олардың өнімді қалай бөліп алғанын ай-
тып бер. Әңгімеле.
Тасбақаның түлкіні қалай алдағанын тауып оқы. Айтып бер.
Күз келгенде кене, тасбақа және түлкінің не істемекші болғанын
оқы. Айт. Егін жинауға қалай дайындалғандарын айтып бер. 21
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.