Page 16 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 16
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Алтын сақа special.edu.kz.
(ертегі)
І
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Өткен заманда бір байдың жалғыз ұлы болыпты. Бай бір
күні жылқысын суаруға көлге келеді.
Көлдің ішінде жүзіп жүрген бір қып-қызыл өкпені көреді.
Байдың жылқылары өкпеден үрки бастайды. Қанша ай-
даса да суға жоламайды.
Сол кезде бай судағы өкпені құрықпен* түртіп көреді.
Өкпе жалмауыз кемпір болып судан атып шығады. Сөйтіп,
байға бас салады*. Бай қатты қорқып кетеді.
Бай:
– Мен саған алтын берейін, мына жылқыларымды бере-
йін. Мені қоя берші, – дейді. Жалмауыз кемпір:
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Жоқ, жібермеймін, – дейді.
Бай:
– Енді не берейін? – дейді.
Кемпір:
– Жалғыз балаңды бер, жіберейін, – дейді.
Бай ақыры жалғыз баласын бермек болды. Кемпір байды
жібереді.
Жалмауыз кемпір:
– Балаңды қашан бересің? – деп сұрайды.
Бай:
– Мен ертең көшемін. Баламның алтын сақасы бар. Мен
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
оны көшкен жерге тастап кетейін. Сен сол сақаның жанын-
да отырасың, – дейді.
Бай жалмауыз кемпірге уәдесін береді. Жылқыларын ай-
дап кетіп қалады.
Ертеңінде Бала алтын сақасын іздеп жылайды.
Сонда әкесі:
– Кеше көшіп жүргенде сол жерде қалып кетіпті. Барып
алып келе ғой, – дейді.
– Әке, қандай тайға мініп барайын? – деп сұрайды баласы.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
14