Page 17 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 17

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



            – Таңдаған тайыңа мін, – дейді. Сөйтіп бала жұртқа келіп,                            special.edu.kz.
        алтын сақасын көреді. Сақа ошақ басында жатыр екен. Жа-
        нында бір кемпір отыр.
            Бала:
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            – Шеше, анау жатқан сақамды алып беріңізші! – деп сұра-
        ды кемпірден.
            Кемпір:
            – Шырағым, өзің түсіп алшы. Кәріліктен отырсам,  тұра
        алмаймын, тұрсам, отыра алмаймын, – дейді.
            Бала:
            – Мен жастықтан түссем, міне алмаймын, мінсем, түсе
        алмаймын, – дейді.
            Баланың тайы сақаның жанына жата қалады. Бала сақаны
        іліп алып тұра қашады. Жалмауыз кемпір оны қуа жөнеледі.
        Бірақ жете алмайды. Не істерін білмей тұрып қалады. Ақы-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        рында бір тісін жұлып алып, атып жібереді.  Ол тайдың бір
        аяғын жұлып түсіреді. Тай үш аяғымен қашып жеткізбейді.
            Кемпір тағы бір тісін жұлып лақтырады. Тайдың тағы бір
        аяғы жұлынып түседі. Тай екі аяғымен шауып бара жатып,
        алдынан бір биік ағашты көреді. Жанына жақындай берген-
        де, бала тайынан секіріп сол ағаштың басына шығып кетеді.


                 құрықпен – таяқпен, ағашпен
                 бас салады – ұстап алады


                1. Ертегі қалай басталады?  Бай қайда келеді? Нені көреді?
                2. Бай өкпені не істейді? Өкпе неге айналады?
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                3. Жалмауыз кемпір байдан не сұрайды?
            4. Бай оған не бермекші болды?  Бала неге жылайды?
            5. Әкесі баланы қайда жібереді? Кемпірден бала не деп сұрайды?
            6. Жалмауыз кемпірден бала қалай қашады? Бала не істейді?

                   Бай мен Жалмауыз кемпірдің сөздерін рөлге бөліп оқыңдар.
                Жалмауыз кемпірдің байдан не сұрағанын айтып бер. Байдың
                оған не бермекші болғанын айт. Қойылым қойып көріңдер.
                Баламен Жалмауыз кемпірдің кездесуі жазылған бөлікті та-
        уып оқы. Баланың не істегенін айтып бер. Алтын сақаны қалай алып
        қашқанын айт.
                Ертегідегі баланың неге жылағанын оқы. Айтып бер.                       15

 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22