Page 29 - Әдістемелік құрал. Оқу жане тіл дамыту. 8-сынып
P. 29
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz.
2) ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті тарауы.
Ш. Құдайбердиев «Жаз келер», «Ақылшыл торғай»,
М. Сұлтанқожаұлы «Артық қой халыққа қылған бір әділ іс»
өлеңі, «Жолдас болсаң жақсымен» үзіндісі, Ы. Алтынсарин
«Тазша бала», Ж. Аймауытов «Қыс», «Жаз келді». «Жаз-
ғытұрым».
Осы тараудан бастап хронология басталады. Әдебиет
саласында хронология принципі белгілі бір уақытта өмір
сүріп өткен ақын, жазушы, жыршылардың өмір сүру жыл-
дарының реттілігімен беру. Оқушы хронологияның көмегі-
мен ақын, жазушылардың өмір сүрген уақытын анықтайды.
special.edu.kz. special.edu.kz.
Олардың қай ғасыр әдебиетінің өкілі екенін білетін болады.
3) ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті тарауы.
С. Мұратбеков «Жусан иісі» әңгімесі, О. Бөкей «Тортай
мінер ақбозат» әңгімесі, Т. Жароков «Ауыл күзі» өлеңі,
М. Қабанбай «Бауыр» әңгімесі, І. Жансүгіров «Қара бауыр»,
С. Сейфуллин «Жер қазғандар», «Көкшетау», М. Мақатаев
«Жасыл бағым жайнаған», Ж. Бөдеш «Қандай жақсы»,
С. Бегалин «Саяхатшылар» өлеңі, «Жас бұтақ», «Мек-
теп бағында» әңгімелері, Ә. Шәріпова «Партизан қызы».
Ж. Жабаев «Атамның әлдиі», «Балаларға».
Осы тарауда ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің өкілдері-
special.edu.kz. special.edu.kz.
мен таныстыруды жалғастырады. Олардың үлкен көлемді
повестерінен үзінділер оқиды. Повестердің мазмұны зерде
бұзылыстары бар оқушылардың ерекшелігіне қарай жеңіл-
детіліп өңделген. Осылай берілген тәсіл оқушының оқу ма-
териалдарын қиындықсыз игеруіне, деңгейлік тапсырманы
қиындықсыз орындауына мүмкіндік алады.
Сабақ үдерісі кезінде көлемі үлкен шығармалар толық
игерілмеген жағдайда мұғалім алдын ала бірнеше қосымша
сұрақтар береді. Оқушы осы сұрақтарға жауап беру үшін
үйде өздіктерінен шығарманы оқып, талдауға дағдылануы
тиіс. Мұғалімнің сұрағы оқушыға түсінікті, ретімен мәтіннің
мазмұнын ашатындай болып іріктелуі тиіс. 27
special.edu.kz. special.edu.kz.