Page 28 - Әдістемелік құрал. Оқу жане тіл дамыту. 8-сынып
P. 28
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
1-қосымша
8-cыныпқа арналған «Оқу және тіл дамыту оқулы-
ғында» бағдарлама бойынша 4 тарау берілген. Осы
тарауларға толық тоқталып өтелік.
1) Халық ауыз әдебиеті тарауы. Тарауда оқылатын
шығармалар:
«Аяз би» ертегісі; Доспамбет жырау «Қоғалы көлдер, қом
сулар», «Айналайын Ақ Жайық» толғаулары; ертегілер:
«Қарлығаш пен дәуіт», «Алтын сақа», «Түлкі, тасбақа, ке-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
не», «Бір үзім нан», «Қожанасырдың хикаялары», мысалы,
«Ер-азамат екі сөйлемес болар»; білім, еңбек туралы ма-
қал-мәтелдер. Жаңылтпаш пен жұмбақтар.
«Халық ауыз әдебиеті» тарауында бағдарлама бойын-
ша жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, мақал-мәтелдер жанр-
лары берілген. Біз осы жанрларды халық ауыз әдебиеті
тарауында ғана қолданбай, оны бүкіл оқулықтағы берілген
шығарманың мазмұнына қарай бөлуді жөн көрдік. Мысалы:
«Бір үзім нан» ертегісінің соңында тәрбиелік мағынасы үл-
кен нан туралы мақал берілсе («Нан болса, ойнап-күлеміз!
Нан болса, тоқ болып жүреміз»), «Ақылшы торғай» өлеңі-
нің соңында торғайлар туралы жаңылтпаш берілді. («То-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
ғай толған торғай»). «Күн шыққанда» өлеңінде «Ерте тұр-
ған адамның бір ісі артық» деген еңбек туралы мақал-
мәтел берілген.
Жоғарыда көрсетілген жанрларды бүкіл оқулық шығар-
маларының мазмұнына қарай бөліп тастау, ең бірінші, мұ-
ғалімнің тақырыпты бекітіп қорытындылауына үлкен ықпа-
лын тигізсе, ал оқушылар үшін оқу материалдарын жақсы
меңгеруге, өтілген тақырыпқа деген қызығушылықтарын
оятады. Осы тәсіл арқылы оқушы мақалдың мағынасын
толық аша білуге үйренеді. Сонымен қатар оқушы оқыған
мақалдың түрін ажырата білуге дағдыланады (Отан тура-
лы, достық, еңбек т.б.)
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
26