Page 30 - Әдістемелік құрал. Оқу жане тіл дамыту. 8-сынып
P. 30
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
4) Заманауи қазақ әдебиеті тарауы.
З. Наурызбаева, Л. Калаус «Алтын тостаған іздеу. «Бату
және оның достарының оқиғалары». С. Дүйсенбиев
«Алматының апорты», Н. Айтов «Отан».
Берілген тарауда оқушылар қазіргі замандағы ақын жа-
зушылардың еңбектерімен танысады. Оқушылар осы шы-
ғарманың негізінде өз Отаны туралы кеңірек білім алады.
Мұғалім олардың бойында Отанға деген сүйспеншілік се-
зімдерін оятады. Сонымен қатар достық, адамгершілік,
әдептілікке баулитын түрлі қызықты өлеңдермен, әңгі-
мелермен танысады. Бұл әңгімелердің оқушылар тәрбиесі
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
үшін маңызы зор.
5) Әлем әдебиеті тарауы.
М. Ю. Лермонтов «Ақ желкен», «Бородино», И. А. Крылов
«Қарға мен түлкі», «Піл мен қанден», Л. Н. Толстой «Қасқыр
күшігін қалай үйретеді?», «Жел неден пайда болады?»,
А. С. Пушкин «Бұлт». Г. Х. Андерсен «Түйме қыз» ертегісі,
М. Пришвин «Сәуір күні», «Серуен», Д. Лондон «Әппақ ты-
ныштық».
Әлемдік ақын, жазушылардың шығармаларымен танысу
оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге үлкен мүмкіндік. Әр оқушы
осы тарауды оқу барысында шетел жазушыларының жазу
стилімен, олардың өмір сүру салтының ерекшілігімен таны-
сады. Осы тарауда әлем жазушыларының ең қызықты деген
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
шығармалары іріктелініп алынған. Атап айтсақ, мысал, ер-
тегілер, қызықты оқиғалармен танысады. Осындай шығар-
малардың мазмұнымен танысу оқушылардың пәнге деген
қызығушылықтарын бейжай қалдырмайтынына сенеміз.
Оқыту мақсаттарының жүйесі
Бағдарламада оқу мақсаттары төрт саннан тұратын
кодтық белгімен белгіленді; кодтық белгідегі бірінші сан
сыныпты, екінші және үшінші сан сөйлеу әрекеттерінің
ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді,
мысалы, 5.5.1.1 кодында «5» – сынып; «5.1» – дағдылар
«1» – оқу мақсатының реттік нөмірі.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
28