Page 174 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 174
төбесінен тағы бір айналды да, солтүстік
қайдасың деп тартып берді. Қарт неме-
ресімен екеуі қаздар тобы көзден ғайып
болып, аспан тұңғиығына сіңіп кеткенше
кірпік қақпай қарап тұрды...
Сол немересінен қарт қапыда айырылды.
Соңғы бірнеше жыл ұдайымен бұл өлкені
жыландай жайлаған ашаршылық бұлар-
дың қара лашығына ене алмай-ақ келіп
еді. Маңайдағы ел аштықтан ісініп, көнек
ауруына шалдығып, жаппай қирап жат-
қанда, бұлардың өзегі тала қоймаған. Қарт
кәрі сүйегін сүйретіп, аң, құс атып әкеліп,
аузыменен жем тасыған қарлығаштай не-
мересін сақтап қалуға бар жанын салған.
Көлденең кеселге килікпесе, Төлеутайын
апаттан аман алып та қалатын еді. Бірақ
амал қанша, Құдай оған жеткізбеді ғой.
Бір күні атып алған қояны мен кекілігін
арқалап, үйіне келгені сол еді, мұны екі
полицей тосып отыр екен. Ай-шайға қарат-
пай, шалдың қол-аяғын байлады да, арбаға
отырғызып қалаға алып кетті. Мектепке
кеткен немересіне де мойын бұрғызған
173