Page 172 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 172

§ 7. Туған жерге туың тік




                    1. Шет жердегі қандастарымыздың туған

                    жерге оралуы заңмен қорғалған ба?


                    2.  Мәтіндегі  негізгі ойды анықтаңдар.

                    Мәтінде көтерілген мәселеге оқырман-

                    ның қарым-қатынасын анықтауға бағыт-

        талған талқылау сұрақтарын құрастырыңдар.


           Атамекенін аңсаған жанның тағдыры


            ...Төлеутай жетіге толып, мектепке бар-

        ғаны бұл үшін үлкен мереке болып еді.

        Екі арқардың етін қазанға бір-ақ салып,

        маңайын шақырып той жасады. Иленген

        тау ешкінің терісінен немересіне әп-әдемі
        сумка жасап берді. Қашан үйреніскенше,

        мектепке өзі ертіп апарып жүрді.

            Немересінің тілі қандай қызық. Зерек,

        әр нәрсені білуге құмар-ды. Қарттың есіне

        мына бір оқиға түсті. Бір жолы Төлеутайды

        таяу жердегі Қарасуға үйрек атуға ертіп

        барған. Көктемгі құс келетін уақыт. Сол
        маңдағы шұқанақ көлдер мен Қарасуда

        шүрегей үйректер жыртылып айырылады.

        Шал бара салып екі үйрек атып алды.



                                                                                  171
   167   168   169   170   171   172   173   174   175   176   177