Page 176 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 176
Қарт сол зираттың шет жағындағы кіш-
кентай жас топырақты құшақтап, бір тәу-
лік ессіз жатты. Өзі жоқта жалғыз жұбаны-
шы – Төлеутайы аштыққа төзбей, қыршы-
нынан қиылыпты.
Жасы жетпіске келсе де, қайраты қайт-
паған қарт сол күннен бастап күрт төмен-
деп кетті... Мына жарық дүниенің бұл үшін
пәлендей қызығы, мән-мағынасы қалмаған
еді.
Жатса-тұрса көзіне өлім елестеді. Есіне
сонау алыста қалған туған жері түсе берді.
Түсінде сол ғажайып өлкеде жүретін бол-
ды. Шал ендігі қалған аз өмірін бір игілікті
іске жұмсауға бел байлады. Ол – қырық
жыл бойы көкірек түпкірінде жатқан осы-
нау сапар болатын.
(Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып
барады» әңгімесінен.)
3. Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып
барады» әңгімесінен алынған үзіндіден
негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді теріп
жазып, «Қосжазба күнделігі» әдісімен түсінді-
ріңдер.
175