Page 175 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 175
жоқ. Тергеусіз, сұраусыз апарып түрмеге
қамап тастады. Бір айдай жауапсыз жатып
қалды. Өзіне қандай айып тағылғанын да
білмеді. Тек тергеуге әкелгенде ғана ұқты
мән-жайды.
Бұған екі түрлі қылмыс таңылған көріне-
ді. Біріншісі – «Аң аулағанды сылтау қылып,
үнемі тау арасында жүреді екенсің. Бірне-
ше рет шекара бойына да жақын барып
қайтыпсың. Сондағы мақсатың не?» Екін-
шісі – «Сенде тығулы жатқан мылтық бар.
Соны өкіметке тапсыруың керек».
Қандауырдай қадалған осы екі сұраққа
жауап таба алмай, қарт түрмеде бір жыл
жатты. Тек қыс өтіп, келесі көктемде ғана
мұны қапастан босатты. Мылтығын тартып
алып, аң аулауға тыйым салды да, бақылау
астында ауыр жұмыс істеуге жіберді.
Алдында қандай қасірет күтіп тұрғанын
бұл ауылға келгенде бір-ақ білді. Өткен
қыста да ақ сүйек жұт болып, малдан ті-
герге тұяқ қалмаған. Адам шығыны да аз
емес. Тірілердің қатары селдіреп, жотадағы
зираттың қарасы молая түсіпті.
174