Page 180 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 180
жылдарында отбасылық-демографиялық
саясат мемлекет дамуының стратегиялық
бағыты ретінде бекітіліп, бұл саладағы ке-
лелі мәселелер кезең-кезеңімен түпкілікті
шешімін тауып келеді.
Ширек ғасырда Елбасы Н.Ә.Назарбаев-
тың бәсекеге қабілетті ұлт, әл-ауқаты арт-
қан отбасы, білімді ұрпақ қалыптастыруға
бағытталған сындарлы саясаты отбасылық
саясатты жетілдіруге, ана мен баланы мем-
лекеттік қолдау бойынша бағдарламалық
құжаттардың қабылдануына, осы бағытта
тұтастай жүйенің құрылуына жол ашты.
Осылардың қатарында Қазақстан Респуб-
ликасында 2006-2016 жылдарға арналған
Гендерлік теңдік стратегиясының қабылда-
нуын, Отбасы күнінің белгіленуін, Балалы
отбасыларды әлеуметтік қолдаудың ұлттық
моделінің қалыптасуын, «Мерейлі отбасы»
ұлттық байқауының өткізілуін және басқа
да нақты шараларды алға тартуға болады.
Бұл игілікті істер нәтижесінде әрбір боса-
ғасы берік отбасы Отанымыздың баянды
болашағының берік негізі ретінде орнық-
тырылды.
179