Page 182 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 182
Түсіндірмелі салалас құрмалас сөй-
лемнің жай сөйлемдерінің аражігіне
қойылатын тыныс белгілері: сызықша,
қос нүкте.
Түсіндірмелі салалас құрмалас сөй-
лемнің бірінші бөлігінің баяндауышы
ретінде сол, мына, мынау, мынадай
сияқты сілтеу есімдіктері қолданыл-
са, олардан кейін көбінесе қос нүкте
қойылады; ал соншама, соншалық,
сондай сияқты сілтеу есімдіктері мен
сілтеу мәнді сөздер қызмет етіп, екі жай
сөйлемді құрмаластырып тұрса, мұндай
баяндауыштардан соң сызықша қойы-
лады.
Мысалдар:
Ректорат мына мәселені еске салады:
ол – студенттерді ерте бастан ғылыми
еңбек жазуға төселдіру (С.Шаймерденов).
Қуанғаны соншалық – орнынан атып
тұрып, құшақтай алды. Оның не айтып
тұрғанын ұқтым: қаржыдан қысылып
тұр екен ғой. Саған ашып айтарым сол:
мен осында қаламын (Ә.Әбішев).
181