Page 181 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 181
...Осының бәрі отбасының адам бала-
сының өмірге жолдама алатын кәусар
бастауы, арқасүйер алтын діңгегі екенін,
Қазақстан қоғамында отбасының мәрте-
белік мәні қашанда терең екенін көрсетеді.
Өйткені «Мәңгілік Елдің» іргесін берік, ке-
регесін кең, шаңырағын биік ететін ұлттың
басты құндылығы өрелі ұрпақ, ұлағатты
отбасы екені ақиқат.
(Гүлшара Әбдіқалықова)
3. Еліміздің ең басты ұлттық құндылықтары
туралы өз пікірлеріңді ортаға салыңдар. Отба-
сын ұлт құндылығы деп танудың себебі неде
деп ойлайсыңдар?
Түсіндірмелі салалас құрмалас
Түсіндірмелі салалас құрмалас сөй-
лемнің алғашқы сөйлемінде айтылған
іс-әрекет, оқиға желісінің мәні кейін-
гі сөйлемде сараланып, түсіндіріліп,
ашылып отырады. Түсіндірмелі салалас
құрмалас сөйлемнің бөліктері жалғау-
лықсыз байланысады.
180