Page 183 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 183
4. Оқылым мәтініндегі негізгі ойды та-
нытатын 3 сөз бен 3 сөйлем жазып, от-
басы құндылықтарын сипаттаңдар.
5. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдер-
дің тыныс белгілерін қойып, себебін түсіндірің-
дер.
Бұл трубалардың жуандығы сондай Бей-
сен сияқты тәпелтек адамдар ішінде жүгі-
ріп жүрерлік.
Бұның жақсы ырым от жағыпсың, шай
қайнатыпсың, дастарқан жайыпсың.
Ғылымға берілгендігі сондай қолынан
кітабы түспейді, үнемі оқиды да жүреді.
Мұның түпкі себебі мынау романда ұнам-
сыз кейіпкер мүлде жоқ.
Сіздерге айтар тілегім сол мені ұшқыш-
тың оқуына жіберіңіздер.
6. Оқылым мәтініндегі сөйлемдерді түсіндір-
мелі салалас құрмалас сөйлемге айналдыруға
бола ма? Байқап көріңдер.
182