Page 187 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 187
рым-қатынастарға негізделеді. Сондықтан
халықты зерттеуде демография мынадай
ғылымдармен тығыз байланыста болады:
саясат, экономика, медицина, математика,
этнография т.б. Олардың зерттеу әдістері
мен тәжірибелерін, материалдарын пайда-
лана отырып, демография өз тарапынан да
өзге ғылымдарға қажетті деректер береді.
Қазақстандағы демографиялық про-
цестерді тарихи-әлеуметтік тұрғыдан қа-
растырған алғашқы зерттеулер қатарын-
да М. Шоқайдың шетел баспасөзінде,
М. Тынышбаевтың 1924 жылы «Сана» жур-
налының 2-3-сандарында жарияланған
деректерін т.б. статистикалық еңбектерді
атауға болады. Республикада бүгінгі таң-
дағы кәсіби демографтар М. Б. Тәтімов,
Ү. М. Ысқақов, Ә. Б. Ғали, М. Сембин,
Е. Мұсабеков, С. Қарасаев, А. Елемесова,
Н. Ермекова, А. Әлжанова т.б. еңбектерін-
де қазақ халқының, жалпы Қазақстан хал-
қының өсу, даму заңдылықтары зерттелді.
(«Орысша-қазақша түсіндірме сөздіктен»)
186