Page 186 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 186
осы популяцияны туу, өлу және көші-қон
коэффициенттеріндегі өзгеруі тұрғысынан
статистикалық зерттеу.
Демографиядағы ең басты мәселе –
халықтың ұдайы өзгеруін, өсу мөлшерін,
дамуын анықтау. Халықтың ұдайы өзгері-
сі ұрпақ алмасу, туу мен өлу, яғни табиғи
жағдай арқылы жүзеге асады. Белгілі бір
аймақтағы халықтың өсу мөлшерінің өз-
геруі адамдардың басқа жерлерден көшіп
келуі (иммиграция) мен олардың бөтен ай-
мақтарға қоныс аударуына (эмиграция),
яғни халықтың көшіп-қону қозғалысына да
байланысты.
Демографияда халықтың және оның
бөліктерінің өзгеруі тек сан жағынан ғана
емес, сонымен қатар сапалық тұрғыдан
да қарастырылады. Мысалы, белгілі бір
жастағы адамдардың санының өзгеруімен
қатар олардың тұлғалық дамып-жетілуі,
денсаулығындағы өзгерістері де назарға
алынады.
Демографиялық процестер қоғамда
қалыптасқан белгілі бір әлеуметтік қа-
185