Page 167 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 167

у болып жиналды. Қасым енді барлық өзіне


             қарсы арналған арамдық, өгейлік мінезді
             қабақтан, жарты сөзден ұғатын болды. Күз


             күніндей жабырқап жүдеп, қабағы қатқан
             қайғыда...


                 Үнемі аштық, күтімсіздік, ауыр жұмыс қо-
             сылып, ойын шатастыра берді. Әжесі өлген


             соң, көңілінде тіршілігіне сүйсінгендей бір
             күн болған жоқ. Кішкентай Қасымның түсі


             де, көңілі де қартайып, жүдеп барады. Бұл
             уақытта Қадишаның қолы үйреніп алған


             таяғы күннен-күнге: «Жетім ит!», «Жаман
             неме!» – деп көзге шұқып, жиі-жиі тие бас-


             тады.
                 Бүгінгі Қасым жалғыз келе жатқан түн-


             нің алдында таңертеңнен кешке шейін Иса
             мен Қадиша бұны үйіне жолатпай, ауылдан


             қуып жүріп сабап еді. Ақырғы рет кеш ал-
             дында күні бойы жылаумен үздігіп әлі біткен


             Қасым жетімдіктің барлық сорлылығына
             бойсұнған пішінімен Исаның үйін жағалап


             келе жатыр еді. Жаутаңдаған көзімен жылы
             шырай іздеп келе жатқанда, алдында бұ-


             рынғыдай зәрленіп тұрған Исаны көрді.



             166
   162   163   164   165   166   167   168   169   170   171   172