Page 165 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 165
қара қалып еді. Исаға Қасымның малын
берерде жұрт: «Жетімнің малына қиянат
қылма! Өзін адам қыл, күт, асыра, жылат-
па!» – деп тапсырған болып беріп еді.
Исаның балалары көп, малы жоққа жа-
қын кедей болатын. Ұрысқақ долы қатыны
Қадиша мен Иса Қасымды алғаш қолына
кіргізіп алысымен, малды өз малындай бау-
рай бастады. Олар Қасыммен бірге келген
малдың санын азсынып, әрқайсысының тү-
сін атап: «Әне бір көк саулық пен қарабас
қойды соғымға жібереміз, қасқа сиырды
сатып, үй ішіне, бала-шағаға саудагерден
бұл аламыз», – деп ашық кеңесіп жатты...
Қасымның көңіліне жетімдік, әлсіздік
қайғысы зіл қара тастай орнап қалды. Аз
заман өткенде бұрынғы толық ажарлы бала
аппақ болып қуарып жүдеп, ылғи қабағы
түйіліп, қайғы сызымен түксиіп алды. Жал-
ғыздық, сорлылық кебін барлық пішінімен
білдіретін болып еді.
...Қасымның малы ұстала бастады. Көк
саулықтың мойнынан құшақтап жабысқан
жолында Иса мен Қадишадан қабат таяқ
жеді. Жылаған сайын тамақ бермейтін бол-
164