Page 164 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 164
§ 6. Бала құқықтарының қорғалуы
1. Сендердің ойларыңша, елімізде ата-
анасынан айырылған жетім балалардың
құқықтары қалай қорғалады?
2. Аудиожазбадан (10. mр3) «Балаларды
қорғау күні» тақырыбындағы мәтінді
тыңдап, жағдаятын (қоғамдық-саяси,
ғылыми, коммуникативтік) анықтаңдар. Сөздер
мен сөз тіркестерін таңдап алып, орта көлемді
монолог дайындаңдар.
3. Мәтінді оқып, тақырыбын, құрылымын,
тілдік ерекшелігін тыңдалым мәтінімен
салыстыра талдаңдар.
Бала Қасымның тағдыры
...Бірақ күндер өтті. Қасым жетім болды.
Жетімдік бұған өзінің барлық суық пішінін
емін-еркін танытты. Қатал тағдыр мықты
қолымен қатты ұстады.
Әжесі өткен соң «жақынымын» деп, жаны
ашыған ие болып шығып, Иса деген аға-
йыны Қасымды қолына алды. Қасымның
әке-шешесінен отыз шақты қой, он шақты
163