Page 168 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 168
Иса бұған «сен қарсы келдің» деген зілмен
тағы да ұрмақшы болып қарсы жүгірді. Сол
уақытта Қасым жаны күйіп шыдай алмай,
жылап жүріп сөйлеп:
– Мені мұндай сорлы қылғандай не жа-
зып едім?.. Жазығым – қуарып қалған
жетімдігім бе? – деп, жерде жатқан үлкен
тасты ала салып, төніп келіп қалған Исаны
тізесінен періп кеп жіберіп, далаға қарай
қаша жөнеліп еді.
Иса аузына келгенін айтып боқтап, аяғы
мертігіп «бақ» етіп отырып қалды. Қасым
сол бетімен тас лақтырып қуған балаларға
жеткізбей, үлкен тауға қарай жөнеліп кеткен.
Ауылға енді қайта барса аямайтынын
біліп, зарлай еңіреп, әжесі мен атасының
атын атап шақырып келе жатқанда, бұ-
рыннан ойлап жүрген бір көмескі ниеті
есіне түсті, ол ниеті – қыстау маңында әке-
шешелерінің зиратына бармақшы еді...
Тау асатын жолда жалғыз келе жатқан
зар еңіреген жетім бала Қасымды алып
келе жатқан хал – осы...
(Мұхтар Әуезовтің «Жетім» әңгімесінен)
167