Page 166 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 166

ды. Олардың балалары бірінен-бірі ерке

        болып шығып, Қасым қағаберісте қалатын

        болды. Қасымға таласа-тармаса күн көру

        керек болды. Малы ұсталғалы басында

        қайғыртып жылатып, кішкене сорлы жетім-

        нің ішіне у болып жиналып жүрсе де, әрі-

        беріден соң ол қайғы бір бөлек қалды. Енді

        Қасым тамақты да жөндеп іше алмайтын

        болды. Жыламаса, әке-шешесі бар бала-

        лардан кезек тимейді. Оның үстіне олардың

        ересегінен таяқ та жей бастады. Қасымға

        бұдан соңғы бір қайғы – қозы бағу шықты.

        Аздан соң өзге балалар «тілазар, кәпір,

        бармайды» деген атпен құтылып кететін

        болып, Иса мен Қадишаның бейілді қаба-
        ғына ырза болатын күйге келген Қасым


        тезек теретін болды. Малдан кешке келіп
        сүрініп-жығылғанда болмаса, Қасымға

        бостандық, еркіншілік жоқ еді. Кейде Иса

        өз балаларын: «Олардың малы жоқ, мал-

        дың иесі – Қасым», – деп қойып, олардың

        еріншектігіне өзі құрық беріп, Қасымның

        бейшаралығын ашық арамдықпен қақпай

        қылып та қояды. Бұл халдің барлығы сорлы

        жетім көңілінде күннен-күнге арылмастай


                                                                                  165
   161   162   163   164   165   166   167   168   169   170   171