Page 102 - Қазақ тілі 2 бөлім 10 сынып
P. 102
2. Мәтінді оқып, ондағы ақпаратты «Тор-
лы диаграмма» әдісімен сипаттаңдар.
Біріккен Ұлттар Ұйымы – екінші дүние-
жүзілік соғыстан кейін антигитлерлік коа-
лицияға мүше мемлекеттердің ұсынысы-
мен құрылған халықаралық ұйым. Дәлірек
айтсақ, 1945 жылы Сан-Францискодағы
конференцияда КСРО, АҚШ, Қытай және
Ұлыбритания мемлекеттерінің белсенділік
танытуымен күштерін біріктіру мақсатында
құрылды.
Бас кеңсесі АҚШ-тың Нью-Йорк қала-
сында орналасқан. Атауын АҚШ-тың сол
кездегі президенті Ф. Д. Рузвельт ұсын-
ған. Декларациясы 1945 жылы 24 қазанда
қабылданды. Бұл күн БҰҰ-ның күні деп
жарияланды. Қазір БҰҰ құрамына 192
мемлекет кіреді.
Жарғысына сәйкес, БҰҰ өз қызметінде
келесі 4 мақсатты көздейді:
• бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіз-
дікті сақтау;
• ұлттар арасындағы достық қатынас-
тарды дамыту;
101