Page 107 - Қазақ тілі 2 бөлім 10 сынып
P. 107
Кеңес отырысында Ресей де, АҚШ та
Сирияға қатысты өз алдарына жеке-жеке
қарар жобасын ұсынған еді. Екі жоба да
қабылданбады. Ең дұрысы осы болды.
Себебі бұл «химиялық шабуыл» тыңғы-
лықты зерттеуді, жан-жақты талдауды
қажет етеді...
Осы жағдайға байланысты еліміздің
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі тұрақты өкілі
Қайрат Омаров та мәлімдеме жасады. Ол
Қазақстанның Сириядағы жағдайға алаң-
даушылық білдіріп, халықаралық құқық
пен заңды қатаң сақтауға шақыратынын
мәлімдеді.
Сирия үшін қара алтын бақ емес, сор
болды. Сирия мұнай өндіруші елдердің
қатарында болғанымен, оны саудалап,
қыруар пайда тауып жүрді деп айта ал-
маймыз. Бұл ел Парсы шығанағындағы
тарихи ескерткіштерге аса бай мемлекет-
тердің бірі саналатын.
(Әлисұлтан Құланбай)
106