Page 106 - Қазақ тілі 2 бөлім 10 сынып
P. 106
Қазіргі таңда Сирия еліндегі жағдай
ушығып барады. Скрипаль оқиғасына
байланысты мәселе сәл басыла бергенде,
Сирияның Дамаск маңындағы Дума қа-
ласында хлор толтырылған бомба жары-
лып, ондаған адам мерт болғаны туралы
ақпарат сол сәтте-ақ бүкіл әлемді шарлап
кетті. Құрбан болғандардың дені балалар
екен. Батыс елдері мен Сирия оппози-
циясы бұл қайғылы жағдайды президент
Башар Асад әскерінен көреді, сондай-ақ
олар бұған Ресейдің де қатысы бар деп
санайды. Осы жағдайға байланысты гео-
саяси жағдайдың ушығып бара жатқанын,
ол алаңдаушылық туғызбай қоймайтынын
атап өткен В. Путин: «Бәрібір түбінде па-
расаттылық үстемдік құрады. Халықара-
лық қатынастар өзінің үйлесімді арнасына
түседі және әлемдік жүйе бұрынғыдан да
тұрақты әрі болжауға болатындай қалып-
қа келеді деп үміттенеміз», – деді. Осы
«химиялық шабуыл» мәселесі сейсенбіде
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде де сөз болды.
105