Page 103 - Қазақ тілі 2 бөлім 10 сынып
P. 103
• халықаралық мәселелерді шешуде
халықаралық ынтымақтастықты жүзеге
асыру мен адам құқығын құрметтеуді қол-
дау;
• осы мақсаттарға қол жеткізуде ұлттар-
дың бірлесіп әрекет ететін орталығы болу.
БҰҰ-ның негізгі саяси органдарының
бірі – Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіз-
дік Кеңесі. Кеңеске халықаралық бейбітші-
лік пен қауіпсіздікті қолдау жауапкершілігі
жүктелген. Қауіпсіздік Кеңесі БҰҰ-ға мүше
15 мемлекет өкілдерінен құралған. АҚШ,
Қытай, Ресей, Ұлыбритания, Франция – ке-
ңестің тұрақты мүшелері.
3. Аудиожазбадан «Әлемдік мүдде» мә-
тінін (15. mр3) тыңдаңдар. Мәтіннің мақ-
сатты аудиториясын анықтап, көркем-
дегіш құралдардың рөлін талдаңдар.
4. Оқылым мәтіні мазмұны бойынша аралас
құрмалас сөйлемдер құрастырыңдар. Тыныс
белгілерін қандай ережеге сүйеніп қойғанда-
рыңды түсіндіріңдер.
102