Page 149 - Қазақ тілі 2 бөлім 10 сынып
P. 149
факторлардан қорғау басты міндет болып
отыр. Табиғатты қорғау – табиғат ресурс-
тарының сақталуы мен қалпына келтірілуін
қамтамасыз ететін, адам денсаулығына
тікелей және жанама әсерін ескертетін
шаралар жүйесі.
Қазіргі кезеңде қоршаған ортаның жағ-
дайына екі түрлі фактор шешуші ықпал
етеді. Олардың біріншісі – ғылыми-техни-
калық революцияның адамзат қоғамының
өндірістік қызметі аясындағы көрінісі. Екін-
шісі – демографиялық аспектілер, яғни жер
бетіндегі тұрғындар санының көбеюі мен
урбанизация (қала тұрғындары санының
өсуі). Бұл факторлар біріге келіп, өндіргіш
күштердің даму қарқынына тікелей ықпал
жасайды, ол, өз кезегінде, табиғат ресурс-
тарының интенсивті түрде азаюына және
қоршаған ортаның ластануына әкеліп со-
ғады.
Геожүйелердің экологиялық тұрақтылы-
ғының бұзылуы адамның өмірлік қажетті-
ліктері мен өндірістік технологиялардың
148