Page 145 - Қазақ тілі 2 бөлім 10 сынып
P. 145
да, Оңтүстік Қазақстанда шоғырланған.
Сирек және бағалы металл түрлерінің кен
орындары бүкіл аумақта таралып орна-
ласқан. Қазбалардан фосфориттер мен
тұздардың, құрылыс материалдарының кен
орындары, негізінен, Батыс және Оңтүстік
Қазақстанда (Қаратау өңірінде) кездеседі.
Фосфориттің қоры және сапасы жөнінен
республикамыз дүниежүзіне әйгілі болып
отыр.
3. Оқылым мәтінінен құрмалас сөйлемдерді
анықтап, түрлері мен тыныс белгілерінің қойылу
ережесін түсіндіріңдер.
Үлгі:
Қазақстан минералдық қорлардың түр-
лері мен көлемі жөнінен теңдесі жоқ аймақ
болып табылады: мұнда Менделеев кес-
тесіндегі элементтердің барлығы дерлік
кездеседі.
(Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем-
дердің арасына қос нүкте қойылады).
144