Page 143 - Қазақ тілі 2 бөлім 10 сынып
P. 143
айналуы заңды. Табиғи қорларға зиянын
тигізетін факторлар – литосфера, гидрос-
фера, атмосфераның ластануы. Бұл күр-
делі мәселені шешу бір ғана елдің қолынан
келмейді, әлемнің көптеген елі тізе қосып,
бірлесе әрекет етсе ғана жүзеге аспақ.
Қазақстандағы тектоникалық құры-
лымдардың ерекшелігі, геологиялық даму
тарихының күрделілігі, аумағының кө-
лемді болуы – барлығы сан алуан табиғи
қорларының шоғырлануына жағдай жа-
сайды. Республика аумағынан табиғатта
кездесетін пайдалы қазбалардың көптеген
түрі табылған, сондай-ақ климаттық және
минералдық, отын-энергетикалық қорлар
жөнінен де республикамыз дүниежүзінде
алдыңғы қатардан орын алады.
Қазақстанда кездесетін табиғи қорлар-
ды мынадай топтарға бөлуге болады:
1) отын-энергетикалық қорлар;
2) минералдық қорлар.
Отын-энергетикалық қорлардан Қазақ-
станда таскөмір, қоңыр көмір, мұнай, таби-
ғи газ және жанғыш тақтатастар өндіріледі.
142