Page 148 - Қазақ тілі 2 бөлім 10 сынып
P. 148
§ 4. Табиғат ресурстарын қорғау
мәселесі
1. Қалай ойлайсыңдар, неге табиғат ре-
сурстарын қорғау бүгінгі күннің өзекті
мәселелесі болып отыр? Еліміз бен
әлемдегі табиғат ресурстарын қорғауға өз та-
раптарыңнан қандай үлес қосар едіңдер?
2. Мәтінді түсініп оқып, онда берілген
мәліметтер бойынша талқылау сұрақ-
тарын құрастырыңдар.
Табиғат – адамзат қоғамы өмір сүретін
орта. Өнім өндіру және өмірлік қажеттілік-
терін қанағаттандыру процесінде адамзат
табиғат ресурстарын пайдаланады. Сол
себепті адамзаттың негізгі міндеті – қорша-
ған ортаны жақсы жағдайда сақтау арқылы
қоғамның бірте-бірте көбейіп келе жатқан
қажеттіліктерін әртүрлі табиғат ресурста-
рымен қамтамасыз ету.
Қазіргі кезде қоршаған ортаның тұрақты
жағдайын қамтамасыз ету, оны антропо-
гендік, яғни адамзат тудырған экологиялық
147