Page 144 - Қазақ тілі 2 бөлім 10 сынып
P. 144
Таскөмір өндірілетін аудандар: Екі-
бастұз, Майкүбі, Қарағанды, Кендірлі,
Таскөмірсай, Алакөл кен орындары. Осы-
лардың ішінде ірілері – Қарағанды және
Екібастұз алаптары. Мұнай мен газ қорла-
ры Қазақстанның батысында шоғырлан-
ған: Маңғыстау түбегі мен Жемнің төменгі
ағысындағы алқаптарда игеріледі. Барлық
кен орнында мұнайға қосымша табиғи газ
өндіріледі. Ембі мұнайының сапасы жоғары
болғандықтан, мұнда жаңа кен орындары
игеріле бастады.
Қазақстан минералдық қорлардың түр-
лері мен көлемі жөнінен теңдесі жоқ аймақ
болып табылады: мұнда Менделеев кес-
тесіндегі элементтердің барлығы дерлік
кездеседі. Солтүстік облыстарда әйгілі Со-
колов-Сарыбай, Қашар, Лисаков, Қоржын-
көл кен орындары орналасқан. Сондай-ақ
темір кені Алтайда (Шығыс Қазақстан),
Қарсақпайда, Қаражалда (Орталық Қазақ-
стан) кездеседі.
Қазақстан полиметалл кендеріне де бай:
негізгі қорлары Кенді Алтайда, Сарыарқа-
143