Page 42 - Алгебра 1 бөлім 10 сынып
P. 42
§ 2. Арифметикалық прогрессия.
Арифметикалық прогрессияның
n -шi мүшесiнiң формуласы
Арифметикалық прогрессия ұғымымен
және қасиетімен, n -ші мүшесінің форму-
ласымен танысасыңдар; санды тізбек-
тердің арасынан арифметикалық прогрессия-
ны ажыратуды, арифметикалық прогрессияның
n-ші мүшесінің формуласын табуды, арифме-
тикалық прогрессияға берілген есептерді шы-
ғаруды үйренесіңдер.
Адам күнделiктi өмiрде ағаштарды, құ-
бырларды, тұсқағаздарды, маталарды
және т.б. жинағанда жоғары қатарлар-
ға оларды төменгi қатарларға қарағанда
1-ге кем етiп орналастырады.
Әрбiр қатардағы заттардың саны одан
жоғары орналасқан қатардағы заттар са-
нынан бiреуi артық. Егер әрбiр қатарда-
ғы заттар санын жазатын болсақ, онда
екiншiсiнен бастап әрбiр мүшесi алдың-
ғы мүшесiне бiрдей санды қосқанға тең
41