Page 116 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 116
тырылған және темір сауыт киіп, сайман асынған аса үлкен
әрі қуатты әскери қол болатын.
Түріктер сіңірген әскери еңбегі үшін зор құрмет белгісі
ретінде Бумынды ақ киізге салып көтерді және Қаған деп ата-
ды. Кейін билеушілердің бәрі қаған деп атала бастады.
Кейінгі қағандар Орталық Азияны, Жетісу мен Хорезмді,
батыста Арал теңізіне дейінгі жерлер мен шығыста Сары
теңізге дейінгі барлық жерлерді өзіне бағындырып, Түрік қаға-
натының аумағын одан ары кеңейте түсті.
Бұдан кейін Бумынның кіші інісі Естеми қаған (553-576)
бастаған батыс жорығы барысында ол Каспий теңізінің екі
жағынан да орасан зор аймақты басып алды.
Түріктер айналасындағы жерлерді бірінен соң бірін басып
ала бастады және өз иелігін жедел кеңейтіп, Қырымға дейін
жетті. Солтүстік Кавказды да жаулап алды.
Ұлы Түрік қағанаты батыста Днепрден шығыста Амурға
және солтүстікте Енисейден оңтүстікте Тибеттің биіктігіне дей-
інгі алып аймақты мекендеген. Бір тілді, бір мәдениетті және
бір өмір салтын ұстанған халықтарды біріктірген алғашқы ірі
мемлекет болды. Осы уақытқа дейін көптеген түркі халықта-
ры бір-бірін оңай түсінген.
578 жылы түріктер Шығыстағы Қытайға басып кірді. Қытай
жеңіліске ұшырап, алым-салық төлеуге мәжбүр болды.
Сөйтіп Ұлы Түрік қағанаты құрылды. Бұл Хуанхэ өзені-
нен бастап Солтүстік Кавказға дейін созылып жатқан орасан
зор көшпелі империя болатын.
Ұлы Түрік қағанаты батыстағы Днепрден шығыстағы
Амурға дейінгі, солтүстіктегі Енисейден бастап, оңтүстіктегі
Тибет үстіртіне дейінгі орасан зор аумақты мекендеген тілі
бір, мәдениеті бір және өмір сүру салты ортақ халықтарды
біріктірген алғашқы ірі мемлекет болды. Қазірге дейін түрік
халқының көбісі бір-бірін қиналмай түсінеді.
115