Page 120 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 120

үйсіндер,  қаңлылар,  түргештер,  ұйғырлар,  қырғыздар,  қар-

        лұқтар, оғыздар, қимақтар мен қыпшақтар кірді.
            Ірі тайпалармен қалаларды толық бағындыру үшін қаған
        әртүрлі әдіс- терге жүгінді. Мысалы, Самарқанд қаласындағы
        өз билігін нығайту мақсатымен Тон қаған қызын қала биле-
        ушісіне  әйелдікке беріп, оны өзінің өкілі деп жариялады. Ол
        көптеген  жергілікті  билеушілерді  осыған  ұқсас  түрде  тағай-
        ындады.
            Өзінің орасан зор әскерін ұстап тұру үшін де қаған жаулап

        алған жеріндегі барлық тұрғындарға салық салды.

















































                               73-сурет. Салықтарды жинау


                                                                                       119
   115   116   117   118   119   120   121   122   123   124   125