Page 122 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 122

жазуымен  таныстығы  басталды.  Біздің  заманымызға  дейін

        жеткен  «Бумын  қағанның  өсиеттері»  және  «Күлтегін  батыр
        туралы  жыр»  түрік  халқының  жетістігін  жаңаша  бағалауға

        жағдай туғызды.
            Батыс-түрік қағанаты барған сайын өрістей берді. Қағанат
        құрамына  кірген  әртүрлі  тайпалар  мемлекеттегі  билік  үшін
        өзара таласқа түсті. Осынау ішкі тартыс Батыс-түрік қағана-

        тын қатты әлсіретті.
            Өзара ішкі соғыстың салдарынан қағанаттың әлсірегенін
        пайдаланып, қытай әскері 659 жылы Жетісуға басып кірді.

        Ең жоғарғы қаған Ешбар тұтқынға түсіп, қаза тапты. Қағанат
        өз тәуелсіздігінен айырылды. «Он оқ бұдын» тайпаларынан
        жиналған әскер қытай басқыншыларымен күресу үшін бірне-

        ше мәрте көтерілді. Алайда олар соғысқа жеке-жеке шыққан-
        дықтан әрбір шайқаста жеңіліп қала берді.


           Қаған ордасы – билеуші немесе қолбасшы және оның от-

           басы ұзақ уақыт тұратын орын.
           Өкілі – аймақтың, қаланың билеушісі, қаған билігінің өкілі.

           Салық  –  мемлекет  қажеттіліктері  үшін  тұғындардың
           төлемі.

           Бітік – ежелгі түрік жазуы.



                   1. Батыс Түрік қағанатың картадан көрсет (72-сурет).
          ?        2. Қағанның ордасы дегеніміз не?

                   3. Түрік қағанаты неге ыдырады?
                   4.  Түрік  қағанаты  ыдырағаннан  кейін  оның  бөліктері  қалай
                     аталды?
                   5. Батыс Түрік қағанатының құрамына кірген халықтарды  көр-
                     сетіңіз. 72-суретті пайдалан.
                   6. Осы күнге дейін жеткен көне түркі шығармаларын атаңыз.
                   7. Түрік қағанатындағы жазу туралы  айтып бер.





                                                                                       121
   117   118   119   120   121   122   123   124   125   126   127