Page 124 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 124
монша болған. Олар өздерінің меншікті тиын ақшасын
нақыштап шығарды.
Шығыста түргештер орта азиялық мемлекеттермен бір-
лесіп Араб халифатына қарсы соғыс жүргізді. Батыстан Таң
империясы түргештер жеріне қастандық жасады. 751 жылы
арабтар мен қытайлар арасында Атлах шайқасы болды.
Ат лах Талас өзенінің бойына орналасқан түргештердің қаласы
еді. Түргеш әскерлері майданға арабтар жағынан шықты. Шай-
қас бес күнге созылды. Қытай әскері талқандалды. Атлах-
тағы шайқас халықтары үшін тарихи Орта Азия маңызы аса
зор шайқас болатын. Қытай әскері шегініп, Жетісу мен Шығыс
Түркістан жерін тастап шықты. Өзара ішкі тартыстар Түргеш
қағанатының іргесін шайқап, 756 жылы олар қарлұқтардың
тегеурініне төтеп бере алмай құлады.
Қарлұқтар Жетісудың барлық аумағын өз билігі астына
біріктірді. Қарлұқ қағанаты 766 жылы құрылып, Суяб қаласын
астана қылды. Араб деректемесіндегі мәліметтер бойынша
VІІІ-Х ғасырларда қарлұқтар иелігі Балқаш көлі мен Ыстықкөл
аралығындағы Жоңғар Алатауынан Сырдарияға дейінгі жер-
де жайылып жатты. Қарлұқтар Іле, Шу, Талас өзендерінің
алқабын, Тянь-Шань тауларының бөктерін, Испиджаб өңірі
мен ортағасырлық Отырарға мекендеген.
Қарлұқтар елінде Тараз, Құлан, Мерке, Атлах, Балық және
т.б. 25 қала мен елді мекендер болған. 940 жылы Қарлұқ қаға-
натының астанасы Баласағұн қаласына көшірілген. Қарлұқ
қағанаты Х ғасырда өмір сүруін тоқтатты.
Оғыз қағанаты IX және X ғасырлар тоғысында құрылды.
Бұған дейін Батыс Жетісуда өмір сүрген оғыз тайпалары Түрік
қағанатының құрамында болған.
Кейін Жетісудан шыққан оғыздар Сырдария өңіріне қоныс
аударды. Сол жерде өз мемлекетін Сырдария жағасында
астанасы Янгикент қаласын құрды.
123