Page 127 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 127

78-сурет. Қыпшақтар аумағы

                 Мемлекеттік  дін  –  түркі  ақсүйектері  қабылдаған  ислам.
             Сондықтан  ежелгі  түрік  руналық  жазуы  қолданыстан  шы-

             ғып, оның орнына араб графикасына негізделген түрік жазуы
             алынды.  Осы  кезеңде  түркі  тіліндегі  мұсылман  мәдениеті,
             ғылымы  мен  әдебиеті  дамыды.  Көрнекті  өкілдері  –  Жүсіп
             Баласағұн мен Махмұд Қашқари.
                 Шаруашылық  2  бағыт  бойынша  дамыды:  жартылай
             көшпелі және жартылай отырықшы мал шаруашы лығы.
                 Шаруашылықтың бір бөлігі көшпелі тайпалардағыдай, ша-
             руашылықтың келесі түрі отырықшы егіншілікпен айналысты.
             Сонымен қатар, олар көшіп жүріп, әрқашан нақты белгілен-

             ген жерге тоқтаған.
                 Бұл мемлекеттердің діні түркі басшылары қабылдаған ис-
             лам болды.
                 Түргеш,  Қимақ,  Қарлұқ  және  Оғыз  қағанаттарын  қоныс-
             танған тайпалар уақыт өте келе  Ұлы Даланың түркі тілдес



           126
           126
   122   123   124   125   126   127   128   129   130   131   132