Page 128 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 128
тайпалары арасында сіңісіп кетті. Бірақ олардың барлығы қа-
зақтың этникалық тарихында айтарлықтай із қалдырды.
XI ғасырдың басында ерте орта ғасырлардағы қағанаттар-
ды қыпшақтардың еркін тайпалары алмастырды.
Қыпшақтар шығыстан батысқа дейін, оңтүстігінде Балқаш
көлінен, солтүстігінде оңтүстік-батыс Сібірдің орманды дала
белдеуіне дейінгі кең аумақты алып жатты.
Жабғу – Оғыздардың жоғарғы билеушісі.
? 1. Түргеш қағанаты қашан құрылды?
2. Картадан Түргеш қағанатының аумағын көрсет (75-сурет).
3. Түргеш қағанатындағы ішкі жағдай туралы айтып бер.
4. Түргеш қағанатының құлау себебін түсіндір.
5. Қарлұқ қағанатын картадан көрсет (76-сурет).
6. Қарлұқ қағанаты қашан құрылды?
7. Картадан Оғыз қағанатын көрсет (76-сурет).
8. Оғыз қағанатының көшбасшысы кім болды?
9. Картадан Қимақ қағанатының аумағын көрсет (76-сурет).
10. Қимақ шаруашылығы мен қолөнері туралы айтып бер.
11. Қосымша оқуға арналған мәтіндер бөлімінен Қазақстанның
ежелгі қалалары Тараз, Сығанақ, Сайрам туралы оқы.
Олар туралы әңгімеле.
Бұл қызық!
Қазіргі кезде кең танымал болған қазақ эпосы «Қозы-Көр-
пеш пен Баян Сұлу» қыпшақтар мен қарлұқтардың бірлес-
кен шығармашылығы нәтижесінде пайда болды. Сары-
бай-Қыпшақ және Қарабай-Қарлұқ әулеті эпостың басты
кейіпкерлері.
Аягөз өзеніндегі «дың» тас мұнарасын қарлұқтар салған,
мұнда халық аңызы негізінде бір-біріне ғашық болған
қыпшақ Қозы-Көрпеш пен Қарабай атты қарлұқ ханының
қызы Баян Сұлудың сүйектері жатыр.
127