Page 126 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 126

Бұл мемлекетте салық жүйесі болды, ежелгі түркі жазуы

        кең  таралды.  Қимақтар  өзендер  мен  көлдердің  жағасында,
        таулы  аймақтарда,  пайдалы  қазбаларға  бай  жерлерде  16
        қала тұрғызды.
            Ерте  орта  ғасырлардағы  қағанаттардың  халқы  негізінен
        мал өсірумен айналысқан, бірақ сонымен бірге олар егіншілік
        пен балық аулауды дамытып, бағалы жүнді аңдардың терісін
        дайындаған.

            Әр түрлі қолөнер дамыды: олар тоқымашылықпен, киім ті-
        гумен, жақсы өнімдер шығарумен айналысты. Кеннен темір,
        күміс, алтын өндірілді, металл қорытылды. Күнделікті өмір-
        де ағаштан жасалған бұйымдар, ер-тоқымдар, ыдыс-аяқтар,
        қайықтар,  киіз  үйдің  бөліктері  кеңінен  қолданылды.  Қоныс-
        тарда қыш өндірісі құрылды. Құнарлы жерлерге олар бидай
        мен арпа екті.







































                                77-сурет. Көшпелілер ауылы


                                                                                       125
   121   122   123   124   125   126   127   128   129   130   131