Page 121 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 121
Қаған жергілікті тұрғындар арасынан салық жинаушы-
ларды тағайындап, оларға «селиф» деген лауазым берді.
Селиф тер салық жинап, оны жергілікті өкілдерге және қаған-
ның өзіне табыстап отырды.
Ежелгі түріктерде өз жазуы болды. Ол бітік деп атады.
Бітік ежелгі нышандарға негізделіп, 40 таңбадан тұрды.
Түрік қағанатында бұйрықтар шығарылды, басқа мемле-
кет билеу шілерімен хат-хабар алмасылды.
Ел тарихы қағандар нұсқауымен қағазға сына жазуымен
жазылды, ескерткіш сынтастар мен табиғи ортадағы жай тас-
тарға да шекіліп жазылды. Қазіргі уақытта түрік халықтары-
ның бірде-бірі сына жазуын сақтап қала алмаған. Көне түрік
жазуының ескерткіштері ежелгі түріктердің тікелей өз ұрпағы
саналатын хакастар, тывалықтар мен алтайлықтар жерінде
сақталып қалған.
Көне түрік жазуының мағынасын 1893 жылы дат ғалымы
Вильгельм Томсен ашты. Сөйтіп, еуропалық ғылымның түрік
74-сурет. Орхон жазуының ескерткіші
120
120