Page 125 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 125

Оғыз мемлекетінің басшысы жабғу атағын алған жоғарғы

             билеуші  болды.  Жабғу  билігі  мұраға  қалдырылды.  Билеу-
             шілерді  сайлау  кеңестерде  өтті.  Оғыздар  арасында  Жағбу
             билеушісінің әйелдері мемлекетті басқаруға қатысты. Олар-
             да «хатун» атағы болған. Оғыздарда барлық маңызды шешім-
             дер әскери кеңесте қабылданды.
                 Оғыз мемлекеті қыпшақтардың жауынгер тайпаларының
             соққысына ұшырады. XI ғасырда қыпшақтар оғыздарды Сыр-
             дария мен Арал жағалауларынан қуып шығарып, Оғыз мем-

             лекеті өмір сүруін тоқтатты.
                 Сол  уақытта  қазіргі  Солтүстік-Шығыс  және  Орталық  Қа-
             зақстанның  жерінде  Қимақ  қағанаты  өмір  сүрді.  Олардың
             жерлерінің  батыс  шекаралары  Оңтүстік  Оралдың  шығыс
             бөлігі мен Каспий теңізінің жағалауына, шығысы Алтай тау-
             ларына дейін созылды.







































                             76-сурет. Ерте орта ғасырдағы қағанаттар


           124
           124
   120   121   122   123   124   125   126   127   128   129   130