Page 129 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 129
АТЛАХ ШАЙҚАСЫ.
ИСЛАМНЫҢ ТАРАЛУЫ
Бұл тақырыпта сен:
неліктен Атлах қаласы маңындағы шайқас біздің ел үшін
үлкен тарихи маңызға ие;
неге Қазақстан аумағында тұратын тайпалар
Ислам дінін қабылдағаны туралы білесің.
751 жылы Талас алқабындағы Атлах қаласының маңында
бір жағынан арабтар мен түргештердің, екінші жағынан қы-
тайлардың біріккен әскерлері кездесті.
Орта Азияның бай жерлері мен сауда жолдары әрқашан
шетелдік басқыншыларды өзіне қызықтырып отырды. VIII ға-
сырға қарай арабтар күшті мемлекет құрды, мемлекет ішіне
Иран, Кавказ, Ауғанстан және бүкіл Таяу Шығыс кірді.
Арабтар Орта Азия жеріне табанды жылжыды. Олар өз-
дерінің мәдениеттері мен діндерін басып алынған аумақтарға
тарату міндетін қойды.
Қытай да жерлерді тартып алып, Орта Азия да өз билігін
орнатқысы келді және осы мақсатқа үлкен күш – шамамен
100 000 сарбаз жіберді. Қытай әскерлері тез батысқа қарай
жылжыды. Олар Шығыс-Түрік қағанатының кейбір тайпа-
ларын жаулап алып, оларды түргештерге қарсы соғыста
одақтас қылды. Қытайлар Ташкент қаласын басып алып,
билеуші өкілін өлтіріп, оның орнына өз адамын қойды.
Түргеш қағаны Сұлық Қытай әскерінен қауіптеніп, қытай-
ларға қарсы күш біріктіру үшін араб халифатына елші жіберді.
Араб халифаты өз әскерлері арасынан 20–30 мыңдай
адамды түргештерге көмектесу үшін жіберді. Түргештер және
басқа түркі тайпалары оларға қосылып, одақтастар саны 70–
80 мың сарбазға дейін өсті.
128
128