Page 132 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 132
ды. Атлах шайқасының арқасында түркі тайпалары Араб
халифаты мен Қытай империясына тәуелділіктен құтылды.
Кейбір жергілікті қағандар исламды қабылдағанымен, Орта
Азиядағы билік түріктердің қолында қалды. Атлах шайқасы
Қытайдың Орта Азия жеріне шабуылын тоқтатты.
Осы кезден бастап ислам Орталық Азия мен Оңтүстік-
Шығыс Қазақстан халқының рухани және мәдени өміріне
ене бастайды. Ежелгі түрік руналық жазуының орнына араб
жазуына негізделген хат қолданыла бастады, мұсылман сәу-
лет ескерткіштері салынды, ислам философиясы мен ғылы-
мы дамыды.
Содан бері бүгінгі күнге дейін Орта Азия мен Қазақстан
халықтарының көпшілігі мұсылман болып табылады.
Ислам – Мұхаммед пайғамбар құрған араб тайпасында
пайда болған мұсылман діні. Құран мұсылмандардың
қасиетті кітабы ретінде танылады.
? 1. Атлах шайқасына кімдер қатысты?
2. Атлах шайқасының себептері туралы мәтіннен тауып,
оқы.
3. 79 суретті пайдалана отырып, шайқастың барысын әңгі-
меле.
4. Атлах шайқасы туралы әңгімеле, оның тарихи маңызы
неде?
131