Page 137 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 137
Керуен-сарай – сауда керуендеріне арналған тұрақ. Оған
жолаушыларға арналған жайлар, ат қоралар, арнайы ұй-
ымдастырылған суару орындары кірді.
Тамға – ру белгісі.
Шахристан – шығыс елдеріндегі беделді тұрғындар өмір
сүретін қаланың бір бөлігі.
? 1. Картада Ұлы Жібек жолын көрсет (82-сурет).
2. Ұлы Жібек жолымен қандай тауарлар тасымалданды?
Сауда қалай өтті?
3. Ұлы Жібек жолдың бойында орналасқан қалалар туралы
әңгімеле. Қосымша оқуға ұсынылған мәтіндерді пайдалан
(8-бөлім).
4. Ұлы Жібек жолы ортағасырлық қалалардың дамуына қан-
дай әсер тигізді?
5. Ұлы Жибек жолының тарихи маңызы туралы әңгімелеп
бер.
6. Түркістандағы базарға келгендеріңді елестетіңдер (84-сурет).
Төмендегі сұрақтарды қолдана отырып, сатып алушы мен
сатушы арасында диалог құрастырыңдар.
1) Сіз қай елден келдіңіз? Немен келдіңіз?
2) Сіз қайда бара жатырсыз?
3) Сіз қандай тауар әкелдіңіз?
4) Сіз не сатып алғыңыз немесе сатқыңыз келеді?
7. Қосымша оқуға ұсынылған мәтінді пайдаланып, Ұлы Жібек
жолы туралы оқы. 98 суретті қолданып, әңгімеле.
Бұл қызық!
«Ұлы Жібек жолы» атауы ежелгі атау емес. «Ұлы Жібек
жолы» термині 1877 жылдың соңында тарихқа енді және
оны белгілі неміс географы Фердинанд фон Рихтофен ен-
гізді. Қытайда ойлап тапқан жібек сауда-саттықтың негізгі
тауары болды және ол жолдың атауын анықтады. Содан
бері бұл орынды атау адамзаттың таңғажайып жетістігінің
визит картасына айналды, соның арқасында адамдар сау-
да жасады, ғылыми жетістіктерді бір-біріне бере бастады,
мәдени және діни құндылықтармен алмасты.
136
136