Page 138 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 138
ҰЛЫ ТҮРКІ АҒАРТУШЫЛАРЫ
Бұл тақырыпта сен:
исламды ұлы далаға уағыздаушы кім болғанын;
түркі әлемінің көрнекті тұлғалары туралы;
сол кезеңнің тарихи маңыздылығы жайлы білесің.
Географиялық жағынан Еуразия континентінің орталық
бөлігінде орналасқан түркі әлемі өзіндік бай мәдениетке ие
болды. Түрік елдері Шығыс пен Батыс арасындағы ұлы мә-
дениеттің байланыстырушы болып саналды.
Осылайша түріктер басқа халықтардан ең жақсы нәрсені
игеріп, қабылдады. Алуан түрлі ерекшеліктер мен өзін-өзі
қамтамасыз ету белгілеріне ие өзіндік мәдениетін жасады.
Көшпелі түріктер артында өткендері туралы жазбаша де-
реккөздерді аз қалдырғанына қарамастан, олардың ұлы әре-
кеттері туралы естеліктер сақталды.
Ислам дінінің келуімен көшпелілер әлемдік өркениеттің
рухани құндылықтарымен танысады. Орта Азияға исламды
арабтар әкелді. Араб мәдениеті осы уақыт та әлемдік мәде-
ниеттің орталығына айналды. Көрне-
кті ойшылдардың, тарих шылардың,
ғалымдардың, ақын- жазу шылардың
еңбектері араб тіліне аударылды.
Араб тілінің арқасында Орта Азия
халықтары басқа халықтардың әде-
биетімен, философиясымен, тари-
хымен, мәдениетімен танысты.
Исламды ұлы далаға уағыздаушы
ислам идеологиясын түркілердің дү-
ниетанымымен ұштастырған көрнекті
ойшыл Қожа Ахмет Яссауи болды. 85-сурет. Қожа Ахмет
Яссауи
137